Қарағанды қалалық мәслихатына алты партияның өкілдері өтті

Қарағанды облысында қалалар мен аудандардың мәслихаттары депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланды.

Қарағанды қалалық мәслихатына 30 депутат сайланды. «Amanat» партиясының кандидаттары 17 орынға ие болды. Сонымен қатар, «Ақ жол», «Байтақ», «Respublica», «ҚХП» және «Ауыл» партияларының өкілдері өтті. Сайланғандар арасында алты өзін-өзі ұсынған кандидат бар.

Қарағанды қаласы мәслихатының жаңа құрамындағы депутаттардың орташа жасы – 44. Ең кішісі – 27, ең үлкені – 64 жаста. Төртеуі – әйел адам.

Жалпы, сайлау нәтижелерімен әкімдіктердің ресми сайттарында орналастырылған аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларынан танысуға болады. Сілтемелер толығымен мына жерде берілген.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

Шымкентке олимпиадаға келіп, уланып қалған 14 оқушының жағдайы қалай

Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова Шымкентте уланған балалардың жағдайы туралы ақпарат берді. Еске сала кетейік, кеше Шымкентке білім олимпиадасына қатысуға келген ондаған оқушының ауруханада жатқанын хабарлаған едік. Осыған байланысты...

СҚО-да бірнеше кәсіпорын экологиялық акцияға қатыспақ

Солтүстік Қазақстан облысында «Жер сағаты» дүниежүзілік экологиялық акциясына 10 кәсіпорын-мекеме қатысуға тілек білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. СҚО Экология департаментінің мәліметінше, «Жер сағаты» экологиялық акциясы...

Ақмола облысында 10 күн бұрын жолған әйел табылды

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған үш баланың анасы 10 күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, 34...

Қопа станциясында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті

Қопа станциясында жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кету фактісі бойынша Қазақстан темір жолында арнайы коммиссия құрылды. «23 наурыз сағат 12:20-да Алматы облысы Қопа станциясында жүк...