СҚО-да бірнеше кәсіпорын экологиялық акцияға қатыспақ

Солтүстік Қазақстан облысында «Жер сағаты» дүниежүзілік экологиялық акциясына 10 кәсіпорын-мекеме қатысуға тілек білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Экология департаментінің мәліметінше, «Жер сағаты» экологиялық акциясы 25 наурыз күні сағат 20.30 – 21.30 аралығында өтпек. Іс-шараны Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры ұйымдастыруда. Әдетте, акция наурыз айының соңғы сенбісінде өткізіледі.

«Дәстүрлі акцияға әлемнің 180 елі қатысады. Қазақстан оған биыл 14-рет қосылғалы отыр.

Осы күні миллиондаған адам 1 сағатқа электр қуатынан бас тартып, жарық пен электр қондырғыларын сөндіреді. Сәулет ескерткіштері жарықтандырылмайды.

СҚО биыл да «Жер сағаты» акциясына қатысуды жоспарлап отыр. 10 кәсіпорын-ұйым тілек білдірді», — дейді өңір экологтары.

Бұдан бөлек, 25 наурызда Мүсірепов және Гашек көшелерінде Жамбыл көшесінен бастап 2-ЖЭО дейін, Әуезов көшесінде Индустриальный өтпесінен «Малодел» ЖШС-ға дейін көше жарығы бір сағатқа сөндірілмек.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

Шымкентке олимпиадаға келіп, уланып қалған 14 оқушының жағдайы қалай

Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова Шымкентте уланған балалардың жағдайы туралы ақпарат берді. Еске сала кетейік, кеше Шымкентке білім олимпиадасына қатысуға келген ондаған оқушының ауруханада жатқанын хабарлаған едік. Осыған байланысты...

Қарағанды қалалық мәслихатына алты партияның өкілдері өтті

Қарағанды облысында қалалар мен аудандардың мәслихаттары депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланды. Қарағанды қалалық мәслихатына 30 депутат сайланды. «Amanat» партиясының кандидаттары 17 орынға ие болды. Сонымен қатар, «Ақ...

Ақмола облысында 10 күн бұрын жолған әйел табылды

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған үш баланың анасы 10 күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, 34...

Қопа станциясында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті

Қопа станциясында жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кету фактісі бойынша Қазақстан темір жолында арнайы коммиссия құрылды. «23 наурыз сағат 12:20-да Алматы облысы Қопа станциясында жүк...