Жыл басынан бері 350 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

Елімізде атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны артқан. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Әлеуметтік төлемдер отбасының табысына қарамастан тағайындалатынын атап өткім келді.Одан бөлек, отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыс көлемі кедейлік шегінен төмен болған жағдайда, мемлекет қосымша атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді. Өткен жылы атаулы әлеуметтік төлемді 729 мың адам алды. Биыл жыл басынан бері 350 мың адамға тағайындалды. Бұл өткен жылға қарағанда 8,7 мыңға артық», — деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

Сонымен қатар ведомство басшысы «Күміс жас» жобасы туралы әңгіме өрбітті.

«Аталған жоба аясында 3 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Оның 50 пайызы әйелдер. Қатысушылар «Күміс жас» жобасын сәтті деп санайды. Биыл жобаға қатысу жас мөлшері 58-ден 50 жасқа дейін төмендеді. Жоба қатысушылары жұмыс берушілердің ұсынысын біліктілігіне қарай таңдай алады. Жалақыны мемлекет 3 жыл ішінде субсидиялайды», — дейді министр.

Бұған дейін Тамара Дүйсенова 258 мыңнан астам жүкті және босанған әйелдердің әлеуметтік төлем алатыны туралы айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ 100 ПАЙЫЗ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін...

ТҮРКІСТАН: КТ ЖӘНЕ МРТ АППАРАТЫ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІ БАР КЕЗ КЕЛГЕН АДАМҒА ҚОЛЖЕТІМДІ

Елімізде МӘМС жүйесі енгізілгелі көрсетілетін қызметтер тізбесі кеңейтілді және олардың көлемі ұлғайды. Сонымен қатар күрделі оталар мен жоғары дәлдіктегі диагностиканы күту ұзақтығын қысқарту мәселелерін...

ТҮРКІСТАН: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛКІ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ТАПСЫРУЫ ТИІС

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша МКД Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Мейрамбек Көкенов айтты. Спикердің сөзінше, 2023 жылғы 1...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ЕЛІМІЗБЕН БІРГЕ ЖАСТАР ДА ЖАҢҒЫРУЫ КЕРЕК

Жаңа Қазақстанда жасалып жатқан өзгерістер елді дамытуға, экономикасын көтеруге және жаңа мүмкіндіктерге үлкен жол ашпақ. Бұл тарихта қалатын үлкен өзгерістер болмақ. Қазақстанның ұлы тарихын жаңа...