Құқығы бұзылған қазақстандық балалар енді БҰҰ-ға шағымдана алады

Оқу-ағарту министрлігі «Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарламалар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын әзірледі. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланған.

«Бала құқықтары туралы хаттама мен конвенцияға қатысушы мемлекеттер нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайына, жай-күйіне қарамастан, өз юрисдикциясындағы әрбір бала үшін онда көзделген барлық құқықтарды тең таниды», — делінген құжатта.

Сонымен бірге осы келісімге сай, құқығы сақталмаған балалардың өзі немесе олардың ата-анасы Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқықтары жөніндегі комитетіне тікелей шағым түсіре алады.

«Жобаның мақсаты — балаларға және олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы комитетіне баланың құқықтары туралы конвенцияда бекітілген өз құқықтарының бұзылуы туралы шағым беруге мүмкіндік беру. Егер бұл бұзушылықтар ұлттық соттарда толық шешілмеген болса, сондай-ақ тәуелсіз және бейтарап органдарға өтініштерді жолдау арқылы мемлекет бұзған баланың негізгі құқықтарын қорғау тетігін дамыту», — деп көрсетілген құжатта.

Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы 7 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ 100 ПАЙЫЗ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 66,9 млрд теңге жәрдемақы алды

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны орта есеппен 535,3 мың отбасы алды, бұл шамамен 66,9 млрд теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Еңбек және...

Отбасы банкі алғашқы жарнаны 50%-дан 30%-ға дейін төмендетпек

Алдағы уақытта Отбасы банкінің салымшылары 30% басталатын алғашқы жарнамен құрылыс салушылардан тұрғын үй сатып ала алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты...

Көкшетауда 40 отбасы жаңа пәтерлерінің кілтін алды

Наурыз мерекесі күні Көкшетау қаласында 40 отбасына жаңа пәтерлерінің кілттері тапсырылды. Баспаналы болғандардың қатарында пәтер кезегінде тұрғандар мен әлеуметтік осал топтағы отбасылар бар. Облыс орталығындағы...