Amazon мен AliExpress тауарларын Қазақстанға жеткізу құны арзандайды

Енді шетелдік онлайн дүкендерден сатып алынған тауарды Қазақстанға жеткізу мерзімі қысқарады, бағасы арзандайды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы күндері Лондонда «Leaders in Logistics» салалық логистикалық саммиті өтіп жатыр. Оған Қазақстан атынан қатысып жатқан «Қазпошта» басшысы Әсел Жанасованың дерегінше, қазір компания Amazon және AliExpress сияқты халықаралық онлайн платформалардан сатып алатын тауарларды елімізге тез әрі арзан бағамен жеткізу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Оның айтуынша, бүгінде Amazon-нан алынған тауарды Қазақстанға жеткізу құны — 75 доллар. Ал, оларды елге әкелуге 30 күнге жуық уақыт кетеді.

«Лондондағы форум аясында «Қазпошта» басшысы эстониялық «Omniva» поштасының басшысы Марта Маги және «Cainiao Europe Parcel Network» логистикалық компаниясының бас менеджері Деннис Лимен келіссөз жүргізді. Оның нәтижесінде қазақстандықтар үшін тауарды Amazon, Alibaba, Aliexpress және Lazada онлайн сауда платформаларынан жеткізу сервистерін жақсарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Енді биылдан бастап Amazon-нан сатып алынған тауарды елімізге жеткізу мерзімі қысқарады және оның құны 8 есе арзандап, 7-9 доллар болады», — делінген қордың Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ 100 ПАЙЫЗ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТҰРАҚТЫ НАЗАРДА

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы...

Президент Қытайға мемлекеттік сапармен барды

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 66,9 млрд теңге жәрдемақы алды

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны орта есеппен 535,3 мың отбасы алды, бұл шамамен 66,9 млрд теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Еңбек және...