Жамбылдық қолөнершілердің бұйымдары АҚШ-тағы көрмелерге қойылды

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Айгүл Ақшалова бастаған Жамбыл облысының делегациясы АҚШ-қа барып, ондағы көрмелерде қолөнер бұйымдарын назарға ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Делегация Чикаго қаласында өткен Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Оны Qazaq Community Center Chicago қазақ диаспорасының өкілдері ұйымдастырды. Сонымен қатар, іскер әйелдер Хьюстон, Нью-Йорк пен Майамиде болды.

«АҚШ-тағы Наурыз мейрамы ойдағыдай өтті. Қазақ диаспорасы бір-бірімен жақынырақ танысып, жерлестерін қолдап отыруға, одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасқаны қуантты. Оларды дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енген Тараз қаласы туралы ақпараттар қызықтырды. Біздің тарихи шаһар туралы көбірек білгісі келеді.

Жоғары қаржылық шығындарды ескере отырып, іскер әйелдер біздің қолөнершілеріміздің өнімдерін өткізу мүмкіндігі және байланыс орнату үшін барлық шығындарды өз мойнына алды.

Жамбылдық шеберлердің бұйымдары қазақ диаспорасының ғана емес, штаттардың өзге де тұрғындарының қызығушылығын оятты. Олар өздеріне ұнаған өнімдерді сатып алып жатты.

Сондай-ақ, Қазақстанның АҚШ-тағы консулдығының өкілдерімен кездесіп, делегациямыздың мақсаты туралы әңгімеледік», — деді Айгүл Ақшалова.

Мерекелік шаралар барысында жамбылдықтар домбыра тартудан шеберлік сабағын өткізіп, халық әндерін шырқады.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

Nauryz ұлттық телесериалдар бәйгесінің номинанттары жарияланды

Отандық сериал контентті кәсіби тұрғыда бағалайтын «Nauryz» отандық ұлттық бәйгесі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен алғаш рет өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін Nauryz-awards.kz сайтына...

Астанада дәстүрлі «Presidential Ball KAZGUU» іс-шарасы өтеді

Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында дәстүрлі «Presidential Ball KAZGUU» іс-шарасы өтеді. «Maqsut Narikbayev Unıversıty жыл сайынғы дәстүрлі «Presidential Ball KAZGUU»...

Көкшетауда халықаралық комедиялық театр фестивалі өтіп жатыр

Көкшетауда мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойы мен Халықаралық театр күніне орай «СӘЛЕМ» халықаралық комедиялық театр фестивалі өтіп жатыр. Шахмет Құсайынов атындағы...

Құрманғазының күйлері жайлы мультсериал жарыққа шықты

Қазақ күйлері жайлы мультсериал жарыққа шықты. Мультсериал атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлына арналған. Жоба авторлары – отандық жас суретшілер. Олардың айтуынша, анимация арқылы жастарға, балаларға...