Nauryz ұлттық телесериалдар бәйгесінің номинанттары жарияланды

Отандық сериал контентті кәсіби тұрғыда бағалайтын «Nauryz» отандық ұлттық бәйгесі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен алғаш рет өтіп жатыр.

Осы уақытқа дейін Nauryz-awards.kz сайтына бәйгеге қатысу үшін 250-ден аса өтінім келіп түсті.

Бәйгеге 2021 жылғы 1 қаңтар – 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында қазақстандық телеарналардың эфиріне, YouTube арнасында шыққан сериалдар және сериал контентін жасаушы шығармашылық топтар мен актерлер құрамы барлығы 13 номинация бойынша қатысып жатыр.

Құрамында тәжірибелі режиссерлер, продюсерлер мен еліміздің шығармашылық интеллигенциясының өкілдері бар қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

Марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасының мүшелері «Nauryz» ұлттық телесериалдар бәйгесінің номинанттарын жариялады.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

Астанада дәстүрлі «Presidential Ball KAZGUU» іс-шарасы өтеді

Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында дәстүрлі «Presidential Ball KAZGUU» іс-шарасы өтеді. «Maqsut Narikbayev Unıversıty жыл сайынғы дәстүрлі «Presidential Ball KAZGUU»...

Көкшетауда халықаралық комедиялық театр фестивалі өтіп жатыр

Көкшетауда мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойы мен Халықаралық театр күніне орай «СӘЛЕМ» халықаралық комедиялық театр фестивалі өтіп жатыр. Шахмет Құсайынов атындағы...

Құрманғазының күйлері жайлы мультсериал жарыққа шықты

Қазақ күйлері жайлы мультсериал жарыққа шықты. Мультсериал атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлына арналған. Жоба авторлары – отандық жас суретшілер. Олардың айтуынша, анимация арқылы жастарға, балаларға...

Жамбылдық қолөнершілердің бұйымдары АҚШ-тағы көрмелерге қойылды

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Айгүл Ақшалова бастаған Жамбыл облысының делегациясы АҚШ-қа барып, ондағы көрмелерде қолөнер бұйымдарын назарға ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат...