Әлемдегі екінші FTX криптовалюта биржасы банкроттық жариялады

FTX криптовалюта биржасы АҚШ-та сот процедурасы арқылы клиенттеріне ақшасын қайтарудың амалын іздеп, банкроттығын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Компанияның жұма күнгі Twitter-дегі мәлімдемесінде FTX және оның еншілес Alameda Research криптовалюта сауда қоры, сондай-ақ 130-ға жуық басқа компания Американың банкрот кодексіне сәйкес ерікті банкроттық процедурасын бастағанын жазған.

«Компания бас директоры Сэм Бэнкман-Фрид отставкаға кеткен» делінген хабарламада.

Осыдан екі ай бұрын Forbes журналы 30 жастағы криптовалюта бизнесі басшысының дәулетін 17 млрд доллар деп бағалады.

Криптовалюта биржасы «бүкіл әлемдегі барлық мүдделі тараптардың игілігі үшін» активтерді тексеру мен монетизациялаудың реттелген процесін бастауға ниетті екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

1 млн-нан астам қазақстандық криптовалюта саудасымен айналысады

1 миллионнан астам қазақстандық халықаралық криптовалюта биржаларында тіркелген. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Сергей Карплюк айтты. Қазіргі кезде цифрлық активтер мен майнинг саласы өте...

Қазақстанда крипто және Fiat валютасын айырбастау делдалсыз жүргізіледі

Қазақстанда крипто және Fiat валюта айырбастау делдалсыз жүргізілетін болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Жасұлан Мәдиев айтты. Айта кетерлігі, бүгін Мәжілістің...

Еліміз криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр — Тоқаев

Еліміз криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңесте айтты. Жиында Мемлекет басшысы криптоиндустрия және цифрлық...