Наурыз мерекесінде түркістандық отбасы баспаналы болды

Наурыз мерекесінде түркістандық бір отбасы баспаналы болды.

Түркістан қаласындағы «Бекзат» тұрғын алқабында жыл сайын әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға баспана сыйлау дәстүрі қалыптасқан. Биылда аталған шара өз жалғасын тапты.

Әз-Наурыз мерекесіне орай 1992 жылы туылған азаматтар көп балалы, жалғыз басты анаға баспана салып берді. Бес баланың анасы Дана Қыдырбаева жаңа үйге қоныс аударып, көңілі қуанышқа кенелді.

Салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков ырысты ынтымағын сақтап, игі шараларымен үлгі болып жүрген сектор азаматтарына алғысын айтты.

Жалпы Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі 10 күн бойы игі істермен жалғасын тапты. Ал бүгін облыс орталығы – Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекесі атап өтілді.

Айта кетейік, бұдан алдын Түркістандағы наурыз мерекесінде Арыс тұрғыны 55 келілік қошқарды 303 рет көтергенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 66,9 млрд теңге жәрдемақы алды

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны орта есеппен 535,3 мың отбасы алды, бұл шамамен 66,9 млрд теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Еңбек және...

Отбасы банкі алғашқы жарнаны 50%-дан 30%-ға дейін төмендетпек

Алдағы уақытта Отбасы банкінің салымшылары 30% басталатын алғашқы жарнамен құрылыс салушылардан тұрғын үй сатып ала алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты...

Көкшетауда 40 отбасы жаңа пәтерлерінің кілтін алды

Наурыз мерекесі күні Көкшетау қаласында 40 отбасына жаңа пәтерлерінің кілттері тапсырылды. Баспаналы болғандардың қатарында пәтер кезегінде тұрғандар мен әлеуметтік осал топтағы отбасылар бар. Облыс орталығындағы...