Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 66,9 млрд теңге жәрдемақы алды

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны орта есеппен 535,3 мың отбасы алды, бұл шамамен 66,9 млрд теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ақпан айында 538 мың отбасына 33,8 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасылардағы:

  • — 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
  • — 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
  • — 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
  • — 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
  • — 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде төленеді.

Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

«2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артқанын атап өтеміз»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

Отбасы банкі алғашқы жарнаны 50%-дан 30%-ға дейін төмендетпек

Алдағы уақытта Отбасы банкінің салымшылары 30% басталатын алғашқы жарнамен құрылыс салушылардан тұрғын үй сатып ала алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты...

Наурыз мерекесінде түркістандық отбасы баспаналы болды

Наурыз мерекесінде түркістандық бір отбасы баспаналы болды. Түркістан қаласындағы «Бекзат» тұрғын алқабында жыл сайын әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға баспана сыйлау дәстүрі қалыптасқан. Биылда аталған шара...

Көкшетауда 40 отбасы жаңа пәтерлерінің кілтін алды

Наурыз мерекесі күні Көкшетау қаласында 40 отбасына жаңа пәтерлерінің кілттері тапсырылды. Баспаналы болғандардың қатарында пәтер кезегінде тұрғандар мен әлеуметтік осал топтағы отбасылар бар. Облыс орталығындағы...

1 млн-нан астам қазақстандық криптовалюта саудасымен айналысады

1 миллионнан астам қазақстандық халықаралық криптовалюта биржаларында тіркелген. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Сергей Карплюк айтты. Қазіргі кезде цифрлық активтер мен майнинг саласы өте...