Мәжіліс депутаты мұғалімдерге психологиялық қызмет көрсетуді ұсынды

Мұғалімнің бойында эмоционалды интеллектіні дамытуға көп күш салу қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова айтты.

«Метептің мақсаты – баланы тек оқыту ғана емес, қазіргі заманда өз орнын тауып, бәсекелестікте өмір сүре алатын, елінің болашағына сеніммен еңбек ететін, қандай да бір қиындықтарға төзімді тұлға ретінде өсіру. Осы ретте әлеуметтік желідегі кибербуллингті реттеу – біздің депутаттық корпустың алдындағы міндет деп білеміз», — деді Мәжіліс депутаты республикалық тамыз конференциясы барысында.

Сонымен қатар, ол мектептегі мұғалімнің біліктілігін ұдайы көтеру және мұғалімнің шығармашылығына жағдай жасау – басты міндет екендігін баса айтты.

«Менің ойымша, пәндік құзіреттіліктермен қатар, мұғалімнің бойында эмоционалды интеллектіні дамытуға көп күш салуымыз қажет. Осы ретте біздің балаларымызға жалпы психологиялық қызмет енгізілген болатын. Мүмкін мұғалімдерге де психологиялық қызмет енгізуді қарастыруымыз қажет деген ойдамын», — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

Қызылорда онкология орталығында психологиялық қолдау көрсету бөлмесі ашылды

Қызылордада онкологиялық орталықта психологиялық қолдау көрсету бөлмесі ашылды. Қызылорда облыстық онкология орталығының ғимаратында алғаш рет «Пациенттерге психологиялық қолдау көрсету бөлмесі» ашылды. «Пациенттерге психологиялық қолдау көрсету бөлмесінде...

Алдағы жылы 11 психологиялық консультация, 4 түзету кабинеті мен оңалту орталығы ашылады

2023 жылы елімізде 11 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК), 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және бір оңалту орталығы ашылады. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аталған нысандар балаларға әлеуметтік медициналық-педагогикалық...