Ақмола облысында 10 күн бұрын жолған әйел табылды

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған үш баланың анасы 10 күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 34 жастағы Марияның жоғалғанды туралы наурыздың 20-да күйеуі Қосшы қаласындағы полиция бөлімшесіне хабарлап айтқан. Ол наурыздың 12-сінде сағат 23:00 жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Үйінде үш баласы қалған.

«Криминалдық полиция қызметкерлері мен өзге де қызметтер бірлесіп, іздестіру шараларын қолға алды. Жоғалған әйелдің таныстары мен туыстарынан сұрап білді. Соның нәтижесінде наурыздың 22-сінде әйелдің Қосшы қаласындағы «Лесная поляна» тұрғын үй кешеніндегі пәтерде болғаны анықталды. Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері бұл әйелді кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту немесе күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-ана ретінде профилактикалық есепке және бақылауға алды», — деді ведомстводан.

Айта кетсек, Көкшетауда Қопа көлінен мина табылды.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

Шымкентке олимпиадаға келіп, уланып қалған 14 оқушының жағдайы қалай

Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова Шымкентте уланған балалардың жағдайы туралы ақпарат берді. Еске сала кетейік, кеше Шымкентке білім олимпиадасына қатысуға келген ондаған оқушының ауруханада жатқанын хабарлаған едік. Осыған байланысты...

СҚО-да бірнеше кәсіпорын экологиялық акцияға қатыспақ

Солтүстік Қазақстан облысында «Жер сағаты» дүниежүзілік экологиялық акциясына 10 кәсіпорын-мекеме қатысуға тілек білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. СҚО Экология департаментінің мәліметінше, «Жер сағаты» экологиялық акциясы...

Қарағанды қалалық мәслихатына алты партияның өкілдері өтті

Қарағанды облысында қалалар мен аудандардың мәслихаттары депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланды. Қарағанды қалалық мәслихатына 30 депутат сайланды. «Amanat» партиясының кандидаттары 17 орынға ие болды. Сонымен қатар, «Ақ...

Қопа станциясында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті

Қопа станциясында жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кету фактісі бойынша Қазақстан темір жолында арнайы коммиссия құрылды. «23 наурыз сағат 12:20-да Алматы облысы Қопа станциясында жүк...