750 мыңнан астам қазақстандық бала бағып үйде отыр

Қазір елімізде 752 855 ата-ана бала күтіміне байланысты демалыста отыр.

«Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы Еңбек кодексінің 100-бабы 1,2,3,4 тармақтарына сәйкес тағайындалады. Бала күтімімен айналысатын адамның (ата-ана, асырап алушы) жұмыс орны сақталады, бірақ жалақы жүрмейді. Өз кезегінде жұмыс беруші орынды сақтауға міндетті. Жәрдемақы бала 3 жасқа толғанша беріледі. Ата-ананың бала күтіміне байланысты демалысты толық немесе бөліп алу мүмкіндігі бар. Отбасыға әлеуметтік қатер төнген жағдайда мәселе Қазақстанның 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңына сәйкес реттеледі. Дегенмен төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесінде тіркелген азаматтарға қарастырылған», — делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берген ақпаратта.

Ресми мәліметте айтылғандай, бала күтіміне байланысты жәрдемақы ата-ананың біреуіне ғана беріледі.

Ал 2 не одан да көп бала туған жағдайда жәрдемақы әр сәбиге жеке тағайындалады.

«Бүгінде туған және асырап алған бала күтіміне байланысты 752 855 ата-ана немесе асырап алушы бар. Олар бала 3 жасқа толғанша демалыста бола алады», – дейді ведомстводан

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ 100 ПАЙЫЗ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін...

ТҮРКІСТАН: КТ ЖӘНЕ МРТ АППАРАТЫ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІ БАР КЕЗ КЕЛГЕН АДАМҒА ҚОЛЖЕТІМДІ

Елімізде МӘМС жүйесі енгізілгелі көрсетілетін қызметтер тізбесі кеңейтілді және олардың көлемі ұлғайды. Сонымен қатар күрделі оталар мен жоғары дәлдіктегі диагностиканы күту ұзақтығын қысқарту мәселелерін...

ТҮРКІСТАН: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛКІ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ТАПСЫРУЫ ТИІС

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша МКД Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Мейрамбек Көкенов айтты. Спикердің сөзінше, 2023 жылғы 1...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ЕЛІМІЗБЕН БІРГЕ ЖАСТАР ДА ЖАҢҒЫРУЫ КЕРЕК

Жаңа Қазақстанда жасалып жатқан өзгерістер елді дамытуға, экономикасын көтеруге және жаңа мүмкіндіктерге үлкен жол ашпақ. Бұл тарихта қалатын үлкен өзгерістер болмақ. Қазақстанның ұлы тарихын жаңа...