Республикалық олимпиадада жеңіске жеткен 29 оқушыға білім гранты табысталды

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 422 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның 86-сы алтын, 127- сі күміс, 209-і қола медаль, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

«Үздік олимпиадалық команда» номинациясының бас жүлдесіне НЗМ оқушылары ие болды. Бірінші орынды Алматы қаласының бірқатар мектептері мен Республикалық физика-математика мектеп командасы иеленді. Астана қаласы, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары екінші орынды жеңіп алса, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарының оқушылары үшінші орынға ие болды.

Сонымен қатар Абай облысының 10 сынып оқушысы Әмір Шәукенов «Ауылдық жердің үздік оқушысы» номинациясымен марапатталды.

Бұл олимпиаданың ерекшелігі биылғы жеңімпаз түлектерге білім гранты табысталды.Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына 29 грант берілді. Ол Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Toraighyrov University, Satbayev University, IT Халықаралық университеті, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Auezov University, Shakarim University, KBTU.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ 100 ПАЙЫЗ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін...

1 мыңнан астам әлеуметтік педагог коучинг құралдарын қолдануды үйренеді

Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты әлеуметтік педагогтерді коучингтің тиімді әдістеріне және оларды кәсіби қызметте практикалық пайдалануға үйрету мақсатында вебинар өткізеді. Вебинар 28 наурыз күні сағат...

Педагогтердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды

Бүгіннен бастап app.testcenter.kz сайтында педагогтердің білімін бағалауға өтініштерді қабылдау жүргізіледі. Педагогтердің білімін бағалау 3-22 сәуір аралығында өтеді. Бұл тестілеуге: - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері; -...

Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынбақ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте оқушыларды мектептен тыс жұмыстармен, оның ішінде жазғы демалыс кезінде қамтуды ұлғайту, сондай-ақ балалардың шығармашылық және зияткерлік...