Қызылорда онкология орталығында психологиялық қолдау көрсету бөлмесі ашылды

Қызылордада онкологиялық орталықта психологиялық қолдау көрсету бөлмесі ашылды.

Қызылорда облыстық онкология орталығының ғимаратында алғаш рет «Пациенттерге психологиялық қолдау көрсету бөлмесі» ашылды.

«Пациенттерге психологиялық қолдау көрсету бөлмесінде қатерлі ісікке шалдыққан пациенттерге психологиялық көмек көрсетумен қатар, түрлі ойындар, сурет салу, бояу бұрышы, арттерапия, музыкатерапия сынды демалыс орындары қызмет көрсетіп, емделушілерге жағдай жасалады», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Бұл бөлме науқастардың күйзеліске түспей, ем алуына көп көмегін тигізеді Алдағы уақытта орталықтан оңалту бөлімін ашу жоспарланған.

Ведомство мәліметінше, өңірде онкологиялық ауруларды емдеу, алдын алу, ерте сатысында анықтау сияқты жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.

Атап айтқанда, биыл орталықта 3368 науқас ем алса, оның ішінде тәулік бойғы стационарда 2724, күндізгі стационарда 644 науқас емделіп шыққан.

Еске салсақ, бұдан бұрын қызылордалық 4 педагог «Үздік ұстаз» атанып, 3 млн теңгенің сертификатын алды.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

Алдағы жылы 11 психологиялық консультация, 4 түзету кабинеті мен оңалту орталығы ашылады

2023 жылы елімізде 11 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК), 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және бір оңалту орталығы ашылады. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аталған нысандар балаларға әлеуметтік медициналық-педагогикалық...

Мәжіліс депутаты мұғалімдерге психологиялық қызмет көрсетуді ұсынды

Мұғалімнің бойында эмоционалды интеллектіні дамытуға көп күш салу қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова айтты. «Метептің мақсаты – баланы тек оқыту ғана емес, қазіргі...