Қайта құрылған төрт облыста 4 тергеу изоляторы салынады

2024-2028 жылдары Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында жаңадан 4 тергеу изоляторы салынады.

Бұл жөнінде Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов Сенат отырысында айтты.

«Әлемдік стандарттарға жақындай түсу үшін сотталғандарды барақта жасақпен ұстау тәсілінен камерада ұстау тәсіліне көшу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір сотталғандарды камерада ұстайтын 9 мекеме бар. Онда 4 мыңнан астам сотталған азамат отыр. Биыл 8 тұрғын блогын қайта жарақтау жоспарланып отыр. Былтыр жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген болатын. Қажетті қаражат бөлінді. Соның нәтижесінде камерада отыратындардың үлесі 28 пайызға жетеді немесе 5,5 мың адам болады», — деді ол.

Айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 14 абақты салу көзделіп отыр.

«Сондай-ақ, қоғамдық қауіпсіздіктің қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу аясында қайта құрылған Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында мемлекет бюджеті есебінен 4 заманауи тергеу изоляторын салу көзделген. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 14 аралас қауіпсіздіктегі камерада ұстайтын мекеме, 5 тергеу изоляторын салу жоспарланған», — деді.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ 100 ПАЙЫЗ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТҰРАҚТЫ НАЗАРДА

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы...

Президент Қытайға мемлекеттік сапармен барды

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен...

Amazon мен AliExpress тауарларын Қазақстанға жеткізу құны арзандайды

Енді шетелдік онлайн дүкендерден сатып алынған тауарды Қазақстанға жеткізу мерзімі қысқарады, бағасы арзандайды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Осы күндері Лондонда...