Алматыда жыл басынан бері жол апатынан 107 бала зардап шекті

Алматыда жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 107 бала жарақат алып, 1 бала қаза тапты.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың 2 айында Алматы жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 95 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 107 бала жарақат алып,1 бала қаза тапты.

«Аналитикалық мәліметтерге сәйкес, балалар көбінесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту кезінде зардап шегеді. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол көлік оқиғаларының басым бөлігі таңғы сағат 06:00 мен кешкі сағат 18:00 аралығында орын алды. Көбінесе жол-көлік оқиғаларына 16-17 жас (30 жол-көлік оқиғасы), 12-13 жас (13 жол-көлік оқиғасы), 10-11 және 14-15 жас (11 жол-көлік оқиғасы) аралығындағы балалар түседі»,-деп атап өтті қалалық ПД баспасөз қызметінен.

Алматы полициясы, жолда жүру ережелерін нақты білу және бұлжытпай сақтау – балаңыздың қауіпсіздігі мен денсаулығының кепілі екенін еске салады.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ 100 ПАЙЫЗ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТҰРАҚТЫ НАЗАРДА

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы...

Президент Қытайға мемлекеттік сапармен барды

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен...

Қайта құрылған төрт облыста 4 тергеу изоляторы салынады

2024-2028 жылдары Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында жаңадан 4 тергеу изоляторы салынады. Бұл жөнінде Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов Сенат отырысында айтты. «Әлемдік...