Қазақстанда крипто және Fiat валютасын айырбастау делдалсыз жүргізіледі

Қазақстанда крипто және Fiat валюта айырбастау делдалсыз жүргізілетін болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Жасұлан Мәдиев айтты.

Айта кетерлігі, бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті отырысында «Қазақстан Республикасының цифрлық активтері туралы» заң жобасы таныстырылған болатын.

Ол министрлік цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган ретінде осы индустрияны жүйелі дамыту жөніндегі бастамаларды қолдайтынын атап өтті.

«Аталған заң жобасынан басқа осы бағытта бірнеше бастама іске қосылды. АХҚО аясында ілкі жобаны іске қосу өте маңызды бағыт саналады. Онда бірнеше криптобиржа лицензия алып, тіркелді. Ілкі жобаға екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимыл жасай отырып қатысады. Олар қазір осы криптофиат арнасын ашу үшін толық интеграциялау жұмысын жүргізіп жатыр. Яғни, криптовалютаны үшінші тараптардың қатысуынсыз қарапайым ақшаға және кері айырбасталуы үшін. Бұл мұндай операциялардың құнын арзандатады, комиссиялар алынып тасталады. Ілкі жоба АХҚО-да орнатылған осы биржалардың жұмысын реттеудегі кемшіліктерді анықтауға көмектеседі. Жоба жыл соңына дейін жалғасады», — деді Жасұлан Мәдиев.

Оның айтуынша, келесі жылы Қазақстан аумағында криптобиржа жұмысының сапалы реттелуін байқауға болады.

Криптовалюта — бұл шығарылуын орталық банк немесе елдің ақша айналымының басқа реттеушісі қатыспайтын актив.

Фиат — оны шығаратын мемлекет құнын қамтамасыз ететін валюта түрі.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

1 млн-нан астам қазақстандық криптовалюта саудасымен айналысады

1 миллионнан астам қазақстандық халықаралық криптовалюта биржаларында тіркелген. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Сергей Карплюк айтты. Қазіргі кезде цифрлық активтер мен майнинг саласы өте...

Әлемдегі екінші FTX криптовалюта биржасы банкроттық жариялады

FTX криптовалюта биржасы АҚШ-та сот процедурасы арқылы клиенттеріне ақшасын қайтарудың амалын іздеп, банкроттығын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. Компанияның жұма күнгі Twitter-дегі мәлімдемесінде FTX...

Еліміз криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр — Тоқаев

Еліміз криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңесте айтты. Жиында Мемлекет басшысы криптоиндустрия және цифрлық...