1 млн-нан астам қазақстандық криптовалюта саудасымен айналысады

1 миллионнан астам қазақстандық халықаралық криптовалюта биржаларында тіркелген. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Сергей Карплюк айтты.

Қазіргі кезде цифрлық активтер мен майнинг саласы өте жоғары қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталған сенатор: «бейресми деректерге сәйкес, бір миллионнан астам қазақстандық халықаралық криптовалюта биржаларында тіркеліп, криптовалюта саудасына қатысып отыр», — деді.

Оның айтуынша, криптовалютаға қатысты жүргізілетін операциялардың барлығы «көлеңкеде» қалып отыр, яғни Қазақстанның құқықтық алаңынан тыс.

«Осы орайда криптовалюта нарығының ашықтығы мен қауіпсіздігін енгізу аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының платформасында криптовалюталарды сату және сатып алу бойынша келісімдердің құқықтық шарттарын қамтамасыз ету ұсынылып отыр. Бүгінгі күні цифрлық майнинг жоғары табысты қызмет ретінде танылды. Дегенмен, қазіргі уақытта қазақстандық майнерлер өздерінің күшін шетелдік пулдарға біріктіріп келді. Осыған байланысты уәкілетті органдар цифрлық майнерлердің нақты кірісін жариялай алмайды. Атап айтқанда, бүгін Сенатта қаралған заң аясында тиісті нормалар қарастырылып, цифрлық майнингті жүзеге асыру тек тіркелген пулдар арқылы мүмкін болады. Бұл ретте цифрлық майнингті аккредиттеу қазақстандық майнерлердің нақты кірістерін толық жариялауға және оларға салық салу нормаларын қолдануға мүмкіндік береді», — деді сенатор.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Заңы мен ілеспе құжаттар қаралды.

Сенаторлар талқыланған заңдарды концептуалды түрде қолдайтындарын білдірді. Алайда, оларды қарау барысында депутаттар жекелеген баптарға бірқатар өзгеріс енгізді. Осыған орай заңдарды сенаторлардың ұсыныстарымен Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.

Заңдардың мақсаты – цифрлық майнингті құқықтық реттеу мәселелерін шешу. Соның аясында аталған құжаттар елімізде цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына, цифрлық майнинг жөніндегі қызметті дамытуға қажетті құқықтық база құруды көздейді. Сол арқылы заңдар цифрлық активтердің заңды нарығын қалыптастыруға, осы салаға шетелдік инвестицияларды тартуға және Қазақстан экономикасын дамытуға ықпал етпек.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 66,9 млрд теңге жәрдемақы алды

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны орта есеппен 535,3 мың отбасы алды, бұл шамамен 66,9 млрд теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Еңбек және...

Отбасы банкі алғашқы жарнаны 50%-дан 30%-ға дейін төмендетпек

Алдағы уақытта Отбасы банкінің салымшылары 30% басталатын алғашқы жарнамен құрылыс салушылардан тұрғын үй сатып ала алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты...

Көкшетауда 40 отбасы жаңа пәтерлерінің кілтін алды

Наурыз мерекесі күні Көкшетау қаласында 40 отбасына жаңа пәтерлерінің кілттері тапсырылды. Баспаналы болғандардың қатарында пәтер кезегінде тұрғандар мен әлеуметтік осал топтағы отбасылар бар. Облыс орталығындағы...

Әлемдегі екінші FTX криптовалюта биржасы банкроттық жариялады

FTX криптовалюта биржасы АҚШ-та сот процедурасы арқылы клиенттеріне ақшасын қайтарудың амалын іздеп, банкроттығын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. Компанияның жұма күнгі Twitter-дегі мәлімдемесінде FTX...