Еліміз криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр — Тоқаев

Еліміз криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңесте айтты.

Жиында Мемлекет басшысы криптоиндустрия және цифрлық активтерді дамыту мәселелеріне де тоқталды.

«Біз әлеуетімізді барынша тиімді пайдалануымыз керек. Еліміз криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр. Алайда біз тек қана шикізат мәртебесін ұстанып қалмауымыз керек. Осы орайда, Үкімет қаржы реттеушілерімен және «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесе отырып, кешенді цифрлық экожүйені дамыту үшін қолайлы жағдай жасауы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.

Соңғы жаңалықтар

СОНДАЙ-АҚ... ОҚЫҢЫЗ

1 млн-нан астам қазақстандық криптовалюта саудасымен айналысады

1 миллионнан астам қазақстандық халықаралық криптовалюта биржаларында тіркелген. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Сергей Карплюк айтты. Қазіргі кезде цифрлық активтер мен майнинг саласы өте...

Әлемдегі екінші FTX криптовалюта биржасы банкроттық жариялады

FTX криптовалюта биржасы АҚШ-та сот процедурасы арқылы клиенттеріне ақшасын қайтарудың амалын іздеп, банкроттығын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. Компанияның жұма күнгі Twitter-дегі мәлімдемесінде FTX...

Қазақстанда крипто және Fiat валютасын айырбастау делдалсыз жүргізіледі

Қазақстанда крипто және Fiat валюта айырбастау делдалсыз жүргізілетін болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Жасұлан Мәдиев айтты. Айта кетерлігі, бүгін Мәжілістің...